Астана 28 жылда қалай өзгерді

2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша бүгінде Астана халқының саны 1 674 699 адамға жетті. Әйелдер саны ерлерге қарағанда көп: 884 029 әйел, 790 670 ер адам.»Қазақстан бойынша 26 адамның есімі – Астана. Ал 2025 жылы Астанада 27,4 мың сәби дүниеге келген. Сонымен қатар 18 жасқа дейінгі балалар саны – 545 мың: оның ішінде 280 мыңы – ұл, 265 мыңы – қыз», — деп жазылған хабарламада.Статистика мамандарының айтуынша, 2026 жылдың алғашқы 5 айында елордада 3 469-дан астам неке тіркелді.Ал Астана тұрғынының орташа жасы – 30,9 жасты құраса, күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 78,8 жас (2025 жылғы көрсеткіш).Сонымен қатар елордада 31 театр, 5 музей және 35 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Қала қонақтары мен тұрғындарының жайлылығы үшін елордада 24 саябақ қалыптастырылған.






