Видео
Қарағанды облысындағы ауылда дала өрті тіркелді

Қарағанды облысындағы ауылда алапат дала өрті болды.ТЖМ мәліметінше, Жаңатоған ауылы маңында табиғи өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.Сағат 08:00-дегі жағдай бойынша өрт аумағына аэровизуалды барлау жүргізілді.»Барлау нәтижесінде жаңа ашық жану ошақтары анықталған жоқ. Елді мекендерге қауіп жоқ. Жағдай бақылауда», — деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінде.Тұрғындардың айтуынша, жалын бірнеше қыстау мен қысқа жиналған шөпті шарпыған. Желіде тараған ақпарат бойынша өрт сөндіруге қатысқан бір адамның денесінің 50%-ын күйік шалып, ауруханаға жеткізілген.






