Видео

Тоқаев Колумбия президентіне көңіл айтты

Тоқаев Колумбия президентіне көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Колумбия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Колумбиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Қазақстан халқының және өзінің атынан президент Абелардо де ла Эсприэльяға және оның отандастарына көңіл айтты.

Президент қаза тапқандардың туған-туыстарының сабырға келуіне және із-түссіз жоғалған жандардың тез арада отбасыларына оралуына тілектестігін білдірді.Айта кетері, Колумбияда жер сілкінісінен қаза болғандар саны 130-дан асты, 180-нен астамы із-түссіз жоғалған.Тағы 570 адам жарақат алған. 1,5 мыңнан астам үйге, 18 медициналық орталық пен 52 мектепке зақым келген. 61 ғимарат толықтай қираған.

Дереккөз

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Кнопка «Наверх»