Жеңіске тағзым
Беларусь елшісі қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Беларусь елшісі Алексей Богданов қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.»Азаматтар өз елінің тарихын жадына сақтап, зор күш-жігер мен ауыр құрбандықтардың арқасында елдерімізге бостандық пен тәуелсіздік әперген ата-бабалардың ерлігін құрметтеп, қадірлейді», — деді Беларусьтің Қазақстандағы елшісі Алексей Богданов.Оның айтуынша, балалар үшін аға буынның бұл мерекеге деген құрметін көріп, бейбітшіліктің қадірін түсініп өсу маңызды.Сондай-ақ елші Астанадағы «Жерұйық» саябағында орналасқан генерал Панфилов ескерткішіне гүл қою рәсіміне қатысты.





