Видео
Болашақ ойындары – 2026: Қазақстандық команда фиджитал-шутерден чемпион болды

Қазақстандық Team KZ Астанадағы «Болашақ ойындары – 2026» турнирінде фиджитал-шутерден топ жарды.Финалдық бәсекеде Team KZ ресейлік Liga Pro Team командасын жеңді.Алдымен командалар Counter-Strike 2 ойынында бақ сынады — жеңісті Team KZ иеленді. Кейін лазертагта Liga Pro Team командасы басым түсіп, есепті теңестірді — 1:1.Шешуші ойында командалар қайтадан Counter-Strike 2 ойынында кездесті. Team KZ жеңіске жетіп, осы дисциплина бойынша чемпион атанды.






