Видео
Астанадағы дәмханада сүрені жатқа айтқандарға тегін кофе ұсынылды

Астанадағы дәмханалардың бірінде Құрандағы сүрені жатқа айтқандарға тегін кофе ұсынылды.Елордадағы кофехана иесі желідегі парақшасында «бір сүре үшін бір кофе» акциясын жариялаған.Мүфтият астаналық кәсіпкердің сүрені жатқа айтып, тегін кофе алуға үндеген акциясына қатысты пікір білдірді.Мүфтияттың мәлімдеуінше, Құранға бет бұруға ынталандыратын кез келген бастама оң бағаға лайық.»Алайда қасиетті Құран сүрелерін оқуды материалдық сыйақыға қол жеткізудің шарты ретінде қабылдамауды қамтамасыз ету маңызды», — дейді ҚМДБ-да.Ал Астана қаласының дін істері жөніндегі басқармасы кофехана иесімен профилактикалық әңгіме жүргізілгенін айтты.






