Видео

Алматы облысында 2000 оқушы шалғайдағы мектепке баруға мәжбүр (ВИДЕО)

Алматы облысында 2000 оқушы шалғайдағы мектепке баруға мәжбүр (ВИДЕО)

Алматы облысының Іле ауданында қатар орналасқан 14 саяжайда тұратын 1700-ден астам оқушы мектепке қиындықпен қатынап жүр. Ереуілге шыққан елді мекенның мұңын Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында 2000 оқушы шалғайдағы мектептерге баруға мәжбүр Алматы облысында 2000 оқушы шалғайдағы мектептерге баруға мәжбүр © Sputnik / Айдана ДайыроваКезінде аядай ғана болған Сокол — Мерей саяжайының бүгінде ауқымы үлкейген. Мұнда шамамен 14 саяжай бар. Тұрғындары туралы нақты дерек жоқ, бірақ 2000 оқушы бар. Бүгін мектеп сұраған тұрғындар ереуілге шықты.© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында 2000 оқушы шалғайдағы мектептерге баруға мәжбүр Алматы облысында 2000 оқушы шалғайдағы мектептерге баруға мәжбүр © Sputnik / Айдана Дайырова»Бізге мектеп керек. 2 мыңға жуық бала мектепке дұрыстап қатынай алмай жүрміз. 5 мектепке бөлініп оқиды. Ол мектептердің бірі осы жерден 15 шақырым жерде орналасқан. Мектепке барып білім алу бейнетке айналды», — дейді саяжай тұрғындары.Балаларды таситын автобус жеткіліксіз. Балалар сыймай қалады.«Бала біткенді «пресс» қып мінгізіп алады. Автобус өте аз. Бірнеше шақырым жерден тастап кетеді. Қыста балаларымыз қала» қатынайды сонда?», — дейді ауыл тұрғыны Жанат Салтұмбаева.Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін сұрайтыны – мектеп.© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында 2000 оқушы шалғайдағы мектептерге баруға мәжбүр Алматы облысында 2000 оқушы шалғайдағы мектептерге баруға мәжбүр © Sputnik / Айдана ДайыроваХалықтың базынасын тыңдауға Ақсу ауылдық округінің әкімі келді. Бірақ журналистерге атын да айтпады, жауап беруден де түбегейлі бас тартты.»Журналистерге жауап бермеймін. Халық сұрағын қойсын, соларға сөйлеймін», — дейді Ақсу ауылдық округінің аты-жөні белгісіз әкімі.Әкімнің айтуынша, мектеп жоспарда бар, бірақ қазір салынбайды.

Дереккөз

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Кнопка «Наверх»