Comic Con Astana 2026 фестивалінің соңғы күні қалай өтіп жатыр

Күннің басты оқиғаларының бірі – «Барыс Арена» басты сахнасында өтіп жатқан косплей байқауының финалы. Қатысушылар фильмдер, сериалдар, комикстер, аниме және видеойындар кейіпкерлерінің өз қолдарымен жасаған образдарын таныстырады. Байқау бағдарламасы аяқталғаннан кейін жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.© Photo : Пресс-служба акима АстаныComic Con Astana 2026Comic Con Astana 2026© Photo : Пресс-служба акима АстаныComic Con Astana 2026 фестивалінің басты хедлайнерлері әлемге танымал актерлер Николай Костер-Вальдау, Пол Андерсон, Иньяки Годой және Таз Скайлар болды. Фестиваль күндері актерлермен ашық кездесулер өтті. Олар шығармашылық жолы мен танымал жобалардағы жұмыстары туралы айтып, көрермендердің сұрақтарына жауап беріп, жанкүйерлерімен тілдесті.© Photo : Пресс-служба акима АстаныComic Con Astana 2026Comic Con Astana 2026© Photo : Пресс-служба акима АстаныБиыл фестиваль бірден екі алаңда ұйымдастырылды. «Барыс Аренада» сахналық қойылымдар, халықаралық жұлдыздармен кездесулер, фотосессиялар мен автограф-сессиялар өтіп жатыр. Ал «Алау» мұз сарайында көрме және ойын алаңдары, тақырыптық стендтер, интерактивті аймақтар мен фестиваль маркеті жұмыс істеп жатыр.© Photo : Пресс-служба акима АстаныComic Con Astana 2026Comic Con Astana 2026© Photo : Пресс-служба акима АстаныФестиваль барысында келушілер ойын индустриясының әртүрлі буынымен бағын сынап көрді: Dendy, Sega Mega Drive, PlayStation One және NES сияқты классикалық приставкалардан бастап, заманауи жарыстар мен интернет-челлендждерге дейін. Қонақтар үшін қауіпсіз жаттығу жекпе-жектері өтетін ортағасырлық семсерлесу алаңы да ұйымдастырылды.© Photo : Астана әкімдігінің ресми сайтыComic Con Astana 2026Comic Con Astana 2026© Photo : Астана әкімдігінің ресми сайтыТөртінші күн поп-мәдениет жанкүйерлерін, шығармашылық индустрия өкілдерін, суретшілерді, косплейерлерді және цифрлық контент жасаушыларды біріктірген Comic Con Astana 2026 фестивалінің мазмұнды бағдарламасын қорытындылайды.© Photo : Астана әкімдігінің ресми сайтыComic Con Astana 2026Comic Con Astana 2026© Photo : Астана әкімдігінің ресми сайты






