Видео
Ақтөбеде әлем чемпионына темір тұлпар табысталды

Ақтөбеге Словакияда өткен U20 әлем чемпионатынан жеңіспен оралған балуан Қазыбек Қалмағамбетовке көлік сыйға тартылды.© Photo : Ақтөбе қаласының әкімдігіАқтөбеде әлем чемпионына темір тұлпардың кілті табысталдыАқтөбеде әлем чемпионына темір тұлпардың кілті табысталды© Photo : Ақтөбе қаласының әкімдігі67 салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алған балуан Қазыбек Қалмағамбетовты әуежайдан ата-анасы, туған-туыстары және жүздеген жерлесі қарсы алды.
Тарихи жеңіспен оралған чемпионға темір тұлпардың кілті табысталды. Айта кетейік, Қазыбек Қалмағамбетов — Ақтөбе облысы тарихында грек-рим күресінен U20 санаты бойынша әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы.






