Видео

290 млн теңгеден астам салық төлеуден жалтарған күдікті Ресейден экстрадицияланды

290 млн теңгеден астам салық төлеуден жалтарған күдікті Ресейден экстрадицияланды

Аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадицияланды, деп хабарлады Бас прокуратура.Тергеу барысында анықталғандай, күдікті 2022-2023 жылдары коммерциялық ұйымның директоры болып, кірістер декларациясына бұрмаланған деректерді енгізу арқылы 290 миллион теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарған.»Осы қылмысты жасағаннан кейін ол қылмыстық қудалау органынан жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған», — деп жазылған хабарламада.Осы жылғы қаңтарда ол Краснодар қаласында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауымен Қазақстанға экстрадицияланды.Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.Оған тағылған қылмыс үшін белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Дереккөз

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Кнопка «Наверх»