Жеңіске тағзым

«Батырларға тағзым» порталында 705 488 ардагер туралы мәлімет бар

"Батырларға тағзым" порталында 705 488 ардагер туралы мәлімет бар

Мәдениет және ақпарат министрлігі өткен жылы майдангерлер туралы деректерді жинақтауға, жүйелеуге және сақтауға, сондай-ақ олардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі жөніндегі ақпаратқа ашық қолжетімділікті қамтамасыз етуге арналған бірегей «Батырларға тағзым» онлайн-порталын іске қосты.Бұл туралы премьердің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты.

"Қазіргі уақытта сайтта 705 488 ардагер туралы мәлімет орналастырылған. Олардың қатарында 365 Кеңес Одағының Батыры, 4 екі мәрте Кеңес Одағының Батыры және 19 "Даңқ" орденінің иегері бар",-

Айтуынша, батырлар есімін ұлықтау ісіне де айрықша мән берілген. Мәселен, екінші дүниежүзілік соғыстың 500-ден астам ардагерінің есімін көшелер мен даңғылдарға беру туралы шешім қабылданды.

Дереккөз

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Кнопка «Наверх»