Видео

Солтүстік Қазақстанда 6 жылдан бері құрылысы аяқталмай тұрған жолдың ақшасы жымқырылған

Солтүстік Қазақстанда 6 жылдан бері құрылысы аяқталмай тұрған жолдың ақшасы жымқырылған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында құрылыс кезінде бюджет қаражаты жымқырылған, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.2017 жылы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында «Akcent KZ» ЖШС-мен келісімшарт жасаған. Серіктестік «Сырымбет» кен орнына дейін ішкі алаңдағы жол тармақтары мен инженерлік желілері бар теміржол кірме жолын салу керек болған.Айта кетері, «Сырымбет» кен орнының өңір үшін стратегиялық маңызы бар. Ол — Қазақстандағы жалғыз әрі Орталық Азиядағы ең ірі қалайы кен орны.»Мемлекеттік сатып алудың жалпы құны — 1,4 млрд теңге. Бастапқыда құрылыс 2018 жылы аяқталады деп жоспарланған. Алайда жобаны іске асыру мерзімі бірнеше рет ұзартылған. Соған қарамастан, нысан құрылысы әлі күнге дейін аяқталмаған. Салдарынан 380 млн теңгенің жұмысы іс жүзінде орындалмаған», — дейді агенттікте.Мердігер ұйым басшысы және энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бұрынғы басшысы күдікті деп танылды.Сот санкциясымен 3 пәтер мен автотұрақ орнына тыйым салынды. Тергеу жүріп жатыр.

Дереккөз

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Кнопка «Наверх»