Видео

«Пышақпен шабуыл жасамақ болды»: Алматыда автобуста төбелескендер ұсталды

"Пышақпен шабуыл жасамақ болды": Алматыда автобуста төбелескендер ұсталды

Алматыда автобуста төбелес болды.Ер адамдардың арасындағы жанжалдың видеосы әлеуметтік желіде тарады.Кадрдан қоғамдық көлікте ер адамдардың арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқанын көруге болады. Төбелес автобус салонында, жолаушылардың көз алдында болған.Оқиға кезінде жолаушылардың бірі пышақ шығарған. Ал автобуста кішкентай балалар да болған.Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Күдіктілер ұсталып, Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жанжалға қатысушылардың әрқайсысының әрекетіне принципті түрде құқықтық баға беріледі. Мұндай агрессивті және қоғамға қауіпті мінез-құлыққа жол берілмейді", — деді полиция.

Кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады, дейді тәртіп сақшылары.

Дереккөз

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Кнопка «Наверх»