Видео
Түркістанда ер адам әйелін пышақтап өлтірді

Түркістанда отбасылық жанжал болып, ер адам әйелін пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға туралы әлеуметтік желіде тарады. Көршілерінің айтуынша, ауыр жараланған 54 жастағы әйелді кенже ұлы бірінші болып тапқан. Баласы дереу жедел жәрдем шақырған, бірақ әйелді құтқару мүмкін болмады — ол жансақтау бөлімінде қайтыс болды.Полиция тергеу жүргізіп жатыр.
"Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", — дейді Түркістан облысының полиция департаменті.






