Видео
Қарағанды облысында депутат жиналыс кезінде темекі шеккені үшін айыппұл арқалады

. Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының төрағасы жиналыста электрондық шылым шеккен, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.Әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында полиция қызметкерлері Zoom платформасы арқылы өткізілген онлайн-кеңес кезінде ер адам қызметтік кабинетте электрондық темекіні пайдаланған бейнежазбаны анықтады.
"Тексеру нәтижелері бойынша азаматтың кім екені анықталды. Ол Қарағанды облысы Осакаров ауданы мәслихатының төрағасы болды", — дейді полиция.
Аталған факті бойынша оған айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.






