Видео

Батыс Қазақстанда бір отбасын өрттен құтқарып қалған полицей марапатталды

Батыс Қазақстанда бір отбасын өрттен құтқарып қалған полицей марапатталды

Батыс Қазақстанда бір отбасын тілсіз жаудан құтқарған полицей марапатталды, деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.Өңірдегі полиция департаментінің бастығы Жаңақала ауданы Қырқопа ауылының учаскелік полиция инспекторы Нұрлыбай Нұрмұхановты адам өмірін құтқарудағы батыл әрекеті үшін марапаттады.Еске сала кетсек, 1 қыркүйекке қараған түні ауылды аралау барысында полиция қызметкері тұрғын үйлердің бірінің ауласынан қою түтінді байқаған. Оқиға орнына дереу жеткен ол мал қораның өртеніп жатқанын және жалынның тұрғын үйге қарай таралып бара жатқанын көрген.Нұрлыбай Нұрмұханов ұйқыдағы отбасыны оятып, барлығын, оның ішінде балаларды қауіпсіз жерге шығарған. Содан өрт сөндірушілер келгенше үй иелерімен бірге малдарды құтқарып, жалынның тұрғын үйге таралуына жол бермеген.Департамент бастығы полиция қызметкерінің дер кезінде әрі батыл әрекет етуінің арқасында бір отбасының аман қалғанын айтты.Нұрлыбай Нұрмұхановқа көрсеткен ерлігі мен кәсіби қызметі үшін алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етілді.

Дереккөз

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Кнопка «Наверх»