Спoрт

Әлем кубогы: төрт қазақстандық боксшы финалда жұдырықтасады

Әлем кубогы: төрт қазақстандық боксшы финалда жұдырықтасады

Бокстан Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті.1/2 финалдың қорытындысы бойынша төрт қазақстандық боксшы алтын жүлде үшін бақ сынайды.60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева Польша өкілі Анета Рыгельскаямен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.Аида Әбікеева 65 келіге дейінгі салмақта бельгиялық Ошин Дериумен қолғап түйістірді. Нәтижесінде отандасымыз 4:1 есебімен басым түсті.Сұлтанбек Айбарұлы 85 келіге дейінгі салмақта германиялық Валерий Вальтермен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша отандасымыз 5:0 есебімен жеңді.Айта кетері, 80 келіден жоғары салмақта Валерия Аксенова жеребе нәтижесі бойынша тікелей финалға өткен болатын.Ал үш боксшымыз жарысты қола жүлдемен аяқтады.Алуа Балқыбекова 51 келіге дейінгі салмақта қытайлық Лю Чуаньға 2:3 есебімен жол берді.80 келіге дейінгі салмақта Жібек Жарасқызы алғашқы жекпе-жегінде Польша өкілі Эмилия Котерскаға 0:5 есебімен жол берді.80 келіге дейінгі салмақта Диас Молжігітов көз жарақатына байланысты жарысты жартылай финалдан аяқтады.Төменде қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары көрсетілген.60 келіге дейін: Виктория Графеева — Ребекка Сантос (Бразилия),65 келіге дейін: Аида Әбікеева — Навбахор Хамидова (Өзбекстан),80 келіден жоғары: Валерия Аксенова — Жофия Сира (Венгрия),85 келіге дейін: Сұлтанбек Айбарұлы — Кауе Белини (Бразилия).Барлық финал бүгін өтеді. Басталуы: Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де және 27 сәуірде 00:00-де.

Дереккөз

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Кнопка «Наверх»