Спoрт
Айым Серікбаева таеквондодан әлем чемпионы атанды

Ташкентте өтіп жатқан таеквондодан әлем біріншілігінде қазақстандық Айым Серікбаева жастар арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлады Qazsporttv.Айым Серікбаева (-44 кг) финалда мексикалық Понсе Нуньес Дара Ширлиді 2:0 есебімен жеңді.»Қазақстан таеквондо (WT) федерациясының баспасөз қызметіның хабарлауынша спортшы араға 20 жыл салып Қазақстан қоржынына жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын медалін салды», — деп жазылған хабарламада.Бұған дейін, таеквондодан Қазақстан жастар құрамасы соңғы рет алтын медалді 2006 жылы жеңіп алған.Сонымен қатар, Айым Серікбаева Азия чемпионы және жастар арасындағы Азия ойындарының жеңімпазы атанған.



