Видео

40 млн сыйақы алған: көліктерге кедергісіз жүруге рұқсат берген шенеуніктер ұсталды

40 млн сыйақы алған: көліктерге кедергісіз жүруге рұқсат берген шенеуніктер ұсталды

Жүк көліктерінен пайда тапқан екі басшы күдікке ілінді, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті. Атап айтқанда көлік министрлігінің автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары мен Ақмола облысы бойынша көлік бақылауы инспекциясы басшысының орынбасарын ұсталды.

"Олар жүктері рұқсат етілген салмақтан асып кеткен көліктерге кедергісіз жүруге көмектескен деген күдікке ілінді. Басшылар кәсіпкерлерден 40 млн теңгеден астам сомаға материалдық сыйақы алған", — дейді комитет.

Сот санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Дереккөз

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Кнопка «Наверх»