Видео

Астанада қыз баланың үстіне құрылыстың қоршауы құлады

Астанада қыз баланың үстіне құрылыстың қоршауы құлады

Астананың Нұра ауданында салынып жатқан тұрғын үй кешенінің қаңылтыр қоршауы қыз баланың үстіне құлады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Сол жерде балаға медициналық көмек көрсетілді. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ал құрылыс учаскесінің бастығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Нұра ауданының әкімдігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, бұл оқиға «Ою» тұрғын үй кешенінің құрылыс аумағында болған. Нысанды «Цесинстрой» ЖШС салып жатыр. Қаңылтыр қоршау қатты желдің салдарынан құлаған. Құрылысшылар оны өткен жылдың күзінде орнатқан.»Орнату барысында «Фемида» тұрғын үй кешенінің кабельдік желілерінің орналасуын ескере отырып, тұрғындардың ұсынысы бойынша қоршаулар басқа учаскеге ауыстырылған. «Нұра» ауданы әкімінің аппараты құрылыс салушыға қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында қоршауларды нығайту қажеттігін түсіндірді», — делінген ресми хабарламада.Сонымен қатар, құрылыс компаниясы 20 қыркүйекке дейін аталған учаскеде фреза материалын төсеуге міндетті.

Дереккөз

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Кнопка «Наверх»