Атырау облысының әкімі велошеруге қатысып, жолдардың жағдайын тексерді

Атырауда 14 пен 65 жас аралығындағы 150-ден астам әуесқой велоспортшы қатысқан «Tour de Saraishyq-2026» велошеруі өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігі.Велошабандоздар спорттық шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен арнайы барған.Олар шеруді Сұлтан Бейбарыс алаңынан бастап, Махамбет ауданындағы Сарайшық қалашығында мәре сызығын кесті. Велобәйгеге облыс әкімі Болат Ақшолақов та пқатысы, жолдардың жағдайын тексерді. Әкім іс-шара барысында жолдардың сапасына куә болғанын айтты.Велошерудің басты мақсаты — шақырымдарды еңсеру ғана емес, Сарайшықтың тарихи мұрасына назар аударту, белсенді демалыс пен салауатты өмір салтын насихаттау, дейді жарыс жолына шыққандардың бірі — Антон Яцук. «Маршрутты 3,5 сағатта жүріп өттім. Бәрі жақсы ұйымдастырылған, керемет әсер алдым. Өзім Ресейденмін, бірақ көптен Атырауда тұрамын. Осындай іс-шаралар жиі өтіп тұрса, жақсы болар еді, — деді Антон Яцук.Велошеру тек спорттық жарыспен шектелмей, ортағасырлық Сарайшыққа жасалған саяхатпен айрықшаланды. Қатысушылар қашықтықты бағындырған соң «Сарайшық» сапар орталығына барып, ежелгі қаланың тарихы мен мәдениетімен тереңірек танысуға мүмкіндік алды.






